Алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады

Алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады
Фото: Tengrinews.kz

Алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігі әлі күнге дейін қатты жауын-шашынның түсуіне ықпал ететін терең солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады: солтүстік өңірлерде негізінен қар түрінде, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен ылғалды қар түрінде, сондай-ақ бұрқасынмен желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман күтіледі.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина