Бүгінгі ауыс-түйіс: кімдер министр қызметінде қалды?

Бүгінгі ауыс-түйіс: кімдер министр қызметінде қалды?
Фото: Massaget.kz коллажы

Бүгін Үкіметте ауыс-түйіс жүрді. Massaget.kz тілшісі кімдер лауазымды қызметін сақтап қалғанына шолу жасады.

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымында қалды. Ол - 2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР Қорғаныс министрі.

Мұрат Нұртілеу де лауазымын сақтап қалды. Шенеунік 2023 жылғы 3 сәуірден бастап ҚР премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Ержан Сәденов ІІМ басшысы қызметінде қалды. Ол 2023 жылғы қыркүйектен бастап ішкі істер министрі қызметіне келді.

Азамат Есқараев әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды. Бұған дейін де ол Әділет министрлігінде лауазымды қызметтер атқарған. Ал былтыр қаңтардан бастап әділет министрі қызметіне тағайындалған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова