Семейде сауда үйінен шыққан алапат өрт 12 сағаттан кейін сөндірілді

Фото: видеодан алынған кадр

Семейде сауда үйінен шыққан алапат өрт 12 сағаттан кейін сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы полиция хабарлады. 

Фото: polisia.kz

Еске салайық, 6 ақпанда "Ақшын" сауда үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Дабыл бойынша полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері түнгі сағат 3-тен бастап жанып жатқан ғимаратқа кіруге тырысқан азаматтар мен көліктерді эвакуациялады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде зардап шеккендер жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Abai oblysy TJD • ДЧС области Абай (@abaioblysytjd)

300-ден астам полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті күзетті. Ғимарат қоршауға алынды, іргелес көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылды.

Тәртіп сақшылары құтқарушыларға көмектесіп жатыр. Периметр бойынша полиция нарядтары күшейтілді. Алайда оқиға орнында өрт сөндірушілерге жалынды тоқтату жұмыстарын атқаруға кедергі келтіріп жатқан адамдар аз емес.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина