Әуежайда балағат сөз айтқан шымкенттік тұрғынға қомақты айыппұл салынды

Әуежайда балағат сөз айтқан шымкенттік тұрғынға қомақты айыппұл салынды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әуежайда балағат сөз айтқан шымкенттік тұрғынға 220 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Әуежайда қоғамдық тәртіпті бұзған мас ер адамға 220 мың теңге айыппұл салынды. Түркістан әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері аумақты патрульдеу барысында қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамды анықтады.

Тексеру барысында мас күйде адамдарға балағат сөз айтқан 38 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталды.

Сондай-ақ, құқықбұзушы полиция бөлмесіне жеткізілген кезде қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбаған.

Ұсталған ер адамға қатысты бірден үш әкімшілік хаттама - алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе мас күйде қоғамдық орындарға шыққаны үшін, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, сондай-ақ, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды. 

Айта кетейік, бұл ер адам бұрын жыл бойы ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот шешімімен ер адамға 60 АЕК (221 520 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек