Тоқаевқа премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасы ұсынылды

Тоқаевқа премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасы ұсынылды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына "Amanat" партиясының атынан премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және "Аmanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды", - деп жазылған хабарламада.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова