Семейде сауда үйінен шыққан алапат өрт 7 сағаттан бері сөнбей жатыр

Семейде сауда үйінен алапат өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 6 ақпанға қараған түні өртке қарсы қызметке Засядко 65 көшесінде өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түскен. 

02.29-да өрт орнына келген өртсөндірушілер эскалатор ауданындағы бірінші қабатта бутиктер жанып, 2 қабаттағы үй-жайларға таратылғанын анықтады. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен алдын ала алаңы анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамның 349 адамы, 47 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Абай облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!