Болжамды 5 премьер-министр: кімге көп "бәс тігіліп жатыр?"

Болжамды 5 премьер-министр: кімге көп "бәс тігіліп жатыр?"
Фото: Massaget.kz коллажы

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайылов бастаған Үкіметті отставкаға жіберді. Ол - Қазақстан тарихындағы он бірінші премьер-министр. Бүгін-ертең жаңа Үкімет басшысы тағайындалады. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа премьер-министрге "бәс тігіліп жатыр". Massaget.kz тілшісі олар кімдер екеніне шолу жасады.

Желіде тараған бір ақпараттарда жаңа Үкімет басшысы Ерболат Досаев болуы мүмкін екені айтылады. Жақында ғана Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде "мінсіз әкім емес" екенін айтқан Досаев "мінсіз премьер" бола ала ма? Бұл жағы белгісіз. Дегенмен ел арасында Досаевқа "тігілген бәс көп".

Досаев 2022 жылғы 31 қаңтарынан бастап Президент жарлығымен Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған болатын. Бұған дейін ол денсаулық сақтау министрі, Ұлттық банк төрағасы сынды лауазымды қызметтер атқарған.

Алматы қаласы әкімдігі

Тағы бір деректерде жаңа Үкімет басшысы Нұрлан Ноғаев болуы мүмкін екені де айтылады. Ол - қазір Маңғыстау облысының әкімі.

gov.kz

Ноғаев 2021 жылғы 7 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі, Атырау облысының әкімі, энергетика министрі қызметтерін атқарды.

Әлеуметтік желіде жаңа премьер ретінде Мұрат Нұртілеу келетіні де айтылады.

Ол былтыр 3 сәуірден бастап ҚР премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Енді тағы бір деректерде бұл орынға Қанат Бозымбаев келетіні айтылады.

Ақорда

Ол былтыр 4 желтоқсанда Мемлекет басшысының өкімімен Президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Ал бұған дейін (2021-2022 жылдары) Алматы облысының әкімі қызметін атқарған еді.

©️ Tengrinews.kz

Болжамды премьерлердің қатарында Жеңіс Қасымбек те бар. Ол қазір Астана қаласының әкімі болып отыр. Қасымбек 2022 жылғы 8 желтоқсаннан бастап Астана қаласының әкімі қызметіне келді. Ал бұған дейін 3 жыл аралығында Қарағанды облысының әкімі болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова