Шығысқазақстандық әйел неке жүзігінен "құтылу" үшін құтқарушыларды шақыртуға мәжбүр болды

Шығысқазақстандық әйел неке жүзігінен "құтылу" үшін құтқарушыларды шақыртуға мәжбүр болды
Фото: pixabay

Шығыс Қазақстан облысында 21 жастағы қыз неке жүзігінен "құтылу" үшін құтқарушылардың көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Lifе-қа сілтеме жасап.

Оқиға орнына барған құтқарушылардың айтуынша, қыздың саусағы қатты ісіп кеткендіктен сақинаны өз бетімен шеше алмаған.

"Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы "тістеуікті" қолданып, әшекейді ұқыпты шығаруға көмектесті, - деп хабарлады департамент.

Мамандар мұндай жағдайда үрейленбеу керегін және зергерлік бұйымдарды бірден тартып шығаруға оқталмау керегін айтты, сонымен бірге видеодағы лайфхактарды қолдануға кеңес берді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан