Астанада қарт адамды көлік қағып мерт қылды

Бүгін Астанада жолды кесіп өтіп бара жатқан қарт адамды көлік қағып кетті. Полицейлер қайғылы оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына оқырмандарынан Мұхамедханов және Әйтеке би көшелерінің қиылысындағы №79 мектеп маңында жүргізуші мектеп оқушысына қағып кеткені туралы хабар түскен.

Оқырмандардың сөзінше, саябақ аумағындағы бұл көшелерде бағдаршам да, "Сергек" камерасы да жоқ, онда жаяу жүргіншілерді бірнеше рет қағып кеткен.

Астана полиция департаменті мұны растады. Алайда полицияның мәліметінше, көлік мектеп оқушысын емес, 83 жастағы ер адам қағып кеткен.

"Nissan Qashqai жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 83 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Апат салдарынан жаяу адам оқиға орнында көз жұмды. Астана полиция департаменті азаматтарды ережені сақтауға шақырады", - деді полицейлер.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!