Роман Скляр премьер-министр міндеттерін уақытша атқарады

Роман Скляр премьер-министр міндеттерін уақытша атқарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің қаулысында айтылған. 

"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін", - делінген қаулыда. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметін Әлихан Смайылов басқарған болатын. 

Еске салайық, бүгін Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!