Ерболат Беделхан K-pop индустрияда қомақты ақша жатқанын айтты

Ерболат Беделхан K-pop индустрияда қомақты ақша жатқанын айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Продюсер Ерболат Беделхан Adal Adam YouTube арнасында Q-pop индустриясының бизнеске ықпалы және өзінің жеке мақсаттары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Корея мәдениеті мен қазақ мәдениетінің өзара ұқсастығы бар.

"Бұл бағытты таңдаған себебім, біздің болмысымыз азиялыққа жақынырақ. Кореяның контенттері, сериал, музыкасы болсын бізге жақсы өтеді. Негізінде субмәдениет деген кезде, толыққанды k-pop-ты субмәдениет ретінде мен алып келген жоқпын. Үлкен адаптация жүрді. Біз мінез-құлқымызға сай өнерді басқаша қабылдайтындығымыздан, біраз адаптация жүргіздім. Жалпы Оңтүстік Коряның салт-дәстүрі - үлкенді сыйлау, қарапайымдылық, менталды тұрғыдан бізге жақын. Маған бұл нәрселер шешім қабылдауда жақсы күш-қуат берді", - деді Ерболат Беделхан.

Продюсердің айтуынша, музыка - оның табыс көзі әрі бизнесі.

"Кореяның k-pop индустриясы, бұл - тұтас мемлекет қолдаған бағдарлама. Елдің, халықтың қолдаған бағдарламасы. Бізді салыстырудың қажеті жоқ. Олар бүкіл әлем бойынша креативті индустрия бағытында 3, 4-орынға өтті, қазір екінші орынға өтіп кетпесе. Бұл - үлкен ақша", -деді Ninety One тобының экс-продюсері Ерболат Беделхан.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова