Әскери компания өз қызметкерлеріне 270 миллион теңге берешек болған

Әскери компания өз қызметкерлеріне 270 миллион теңге берешек болған
Фото: Тұрар Қазанғапов

"Әскери құрылыс Астана" компаниясы 4 мың қызметкерге 270 миллион теңге берешек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бас әскери прокуратура (БӘП) 2023 жылы әскери қауіпсіздік саласындағы заңдылықтың жай-күйіне 363 тексеру, 153 талдау жүргізді. Нәтижесінде 2 мыңнан аса адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды.

Қадағалау актілері бойынша "Әскери құрылыс Астана" ЖШС-нің 4 мыңға жуық қызметкерінің 270 миллион теңгеден аса қаржыға жалақы берешегі өтелді.

Әскердегі құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін 2022-2024 жылдарға арналған әскердегі құқықбұзушылықтарды болдырмаудың 3 жылдық бағдарламасы іске асырылып жатыр.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2023 жылы қылмыстық құқықбұзушылықтардың 4,2 пайызға, оның ішінде аса ауыр құқықбұзушылықтар 30 пайызға, ауырлығы орташа құқықбұзушылықтар
3,1 пайызға, теріс қылықтар 24 пайызға төмендеген.

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!