Павлодар облысындағы мектептерде жаппай теракт болатыны туралы хабар жұртты шошытты

Павлодар облысындағы мектептерде жаппай теракт болатыны туралы хабар жұртты шошытты
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Белгісіз біреулер Павлодар облысында бірнеше мектеп, лицей мен сауда орталығында жаппай адам өлтіретінін жазып жатыр. Қорқынышты хабарламаның бірі 4 ақпанда ашылған телеграм арнада пайда болған. Жазба авторы бірнеше мектепте балаларды атып тастайтынын айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Павлодардағы мектептерде террористік әрекеттер ертең болады", - дейді анонимү 

Облыстық Полиция департаменті өкілдері бұл хабарларға қатысты пікір білдірді. 

"Әлеуметтік желілерде Павлодар мектептерінде белгісіз қылмыс дайындалып жатқаны туралы ақпарат таратылып жатыр. Осы дерек бойынша Полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Құзыретті органдармен бірлесіп, осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Кінәлі адамдар елдің заңнамасына сәйкес анықталып, жауапқа тартылатын болады.

Бүгінгі таңда полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, оның ішінде бейнебақылау және оларға жақын полиция жасақтарын ұлғайту арқылы ерекше назар аударды. Осы жылдың басынан бастап осындай жалған хабарламалар елдің бірқатар қалаларында таралды. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға арналған. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін, тек ресми ақпаратқа сенуін сұраймыз", - делінген полиция хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина