Гастроэнтеролог ұйықтар алдында суды қалай дұрыс ішкен жөн екенін айтты

Гастроэнтеролог ұйықтар алдында суды қалай дұрыс ішкен жөн екенін айтты
Фото: Freepik.com

Суды жеткілікті мөлшерде ішу кез келген адам үшін өте маңызды. Өйткені, сусыз өмір сүру мүмкін емес. Дәрігерлер тіпті суды қай уақытта ішкен дұрыс екенін де түсіндірген. Мәселен, түнде тыныш ұйықтау үшін суды қалай ішу керек? Бұл сұраққа гастроэнтеролог Наталья Слюняева жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "aif.ru-ға" сілтеме жасап.

Кешке суды дұрыс ішу ережелері

Тәулік бойы су-тұз балансын сақтау үшін ағзаға қажет сұйықтықтың ең аз мөлшері климаттық жағдайға, адамның жасына және бір күнде орындалатын жұмыстың ауырлығына байланысты.

Кешке суды көбірек ішу ағзадан улы заттарды шығаруға және асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартуға көмектеседі, бірақ тым көп мөлшерде су ішу ісіну, ұйқысыздық, жиі зәр шығару секілді денсаулықтың бірқатар ауыр асқынуларын тудыруы мүмкін.

Сондықтан бүйрек қызметі бұзылуының алдын алу үшін суды ұйқыға дейін 1,5-2 сағат бұрын ішкен жөн. Бұл ұйықтар алдында ағзадағы барлық артық затты өңдеп, шығаруға мүмкіндік береді.

Ал егер судан бөлек басқа сусын түрін ішкіңіз келсе, майсыз сүт өнімдерін, шөп шайларын (мысалы, жалбыз немесе шөп шайы), қант қосылмаған табиғи шырындарды таңдаған дұрыс. Бұл сусындар денені босаңсытып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Сондай-ақ, ұйқының сапасына теріс әсер ететін кофеин мен алкогольден бас тарту керек.

Егер адам дәретханаға бару үшін түнде бірнеше рет оянса, бұл суды ішу режимін түзету қажет екенін көрсетуі мүмкін. Белгі жиі туындаған жағдайда білікті медициналық көмекке жүгіну керек.

Айта кетейік, бұған дейін суық немесе ыстық: ағзаға пайдалы болуы үшін аш қарынға қандай су ішу керегі хабарланған болатын.

Қандай су температурасының ең пайдалы екенін талқыламас бұрын, алдымен судың қандай температурада суық, жылы және ыстық болатынын анықтап алайық.

• Суық судың температурасы 20 ° C-қа дейін жетеді.

• Жылы су температурасы 21 ° C-тан 35 ° C-қа дейін болады.

• Ыстық су 35-42 ° C аралығындағы температураға ие.

Жоғары температурадағы су ас қорыту жүйесі үшін қауіпті, ол шырышты қабықтың күйіп қалуына әкелуі мүмкін, сондықтан өте ыстық сұйықтықты ішуге болмайды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Шетелдік университетке құжаттарды қашан тапсыру керек?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә