Атырауда инклюзивті балабақшада тәрбиеші баланы ұрған

Атырауда инклюзивті балабақшада тәрбиеші баланы ұрған
Фото: видеодан алынған кадр

Атырауда инклюзивті балабақшада тәрбиеші баланы ұрған. Оқиғаның қалай болғаны видеоға түсіріліп, кейін Facebook-те жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Нефильтрованное Telegram-каналына сілтеме жасап.

Видеоны Нұрлан Жунасов Facebook-тегі парақшасында жариялады. Ер адам видео Атыраудағы балабақшада түсірілуі мүмкін екенін айтты.

Осы жазбаның астында Атырау әкімдігі жауап берді.

"Оқиға "Дара-инклю" жекеменшік балабақшасында болды. Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр. Сонымен қатар қалалық білім бөлімінде де қызметтік тексеріс басталады (...). Оқиға басқарма басшысының қатаң бақылауында. Тексеру қорытындысы бойынша заң аясында тәртіптік шаралар қарастырылады", - делінген әкімдіктің жауабында.

Басылымның хабарлауынша, Атырау полиция департаменті бұл факті бойынша тергеуді бастаған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан