4 ақпанда Egov-тағы кейбір қызметтер істемей қалды

4 ақпанда Egov-тағы кейбір қызметтер істемей қалды
Фото: Tengrinews.kz

eGov порталындағы кейбір қызметтер 4 ақпанға қараған түні істен шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі сайттың Telegram-каналы.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сервистерді жаңартуды жоспарлап отыр.

"Біз өз қызметтеріміз бен жобаларымызды үнемі жетілдіріп отырамыз. Тұрақты жаңартулар қызметтер мен жобаларды сізге ыңғайлы етуге көмектеседі.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 3 ақпан сағат 21:00-ден 2024 жылғы 4 ақпан сағат 08:00-ге дейін "ҰАТ" АҚ сүйемелдейтін жобалар уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан