Шымкенттіктер құбырдағы апат салдарынан газсыз отыр

Шымкенттегі Мәртөбе елді мекенінде жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны анықталды. Апат салдарынан 1500 жеке газ тұтынушы мен жеті өндірістік кәсіпорынға уақытша газ беру тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазіргі таңда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техникалар мен 30 адам жұмылдырылып, жұмыс қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Қайта қосу жұмыстары қосымша хабарланады", - деп хабарлады Шымкент әкімдігі.

Әкімдік сонымен бірге шымкенттіктерге газ крандарының жабық болуын қадағалауды өтінді, ал газдың иісі байқалса, 104 апаттық қызметіне хабарласуға болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!