Қолыңыздың тіпті жылы бөлмеде де салқын болуы ауыр ауруды білдіруі мүмкін

Қолыңыздың тіпті жылы бөлмеде де салқын болуы ауыр ауруды білдіруі мүмкін
Фото: Freepik.com

Қолдың үнемі мұздай болып жүруі қыста суық тигенінің ғана емес, ауыр аурудың да белгісі болуы мүмкін. Дәрігер Викаш Моди бұл ағзадағы темірдің төмен деңгейін көрсетуі мүмкін деп ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қол мен аяқтың мұздай болуы темір тапшылығы анемиясының нәтижесі болуы ықтимал. Анемиямен ауыратын адамдарда тіндерді оттегімен қамтамасыз ету үшін эритроциттер жеткіліксіз болғандықтан, олардың денесінде қан айналымы нашар.

Анемияның мұздай қолдан басқа тағы бір жиі кездесетін белгісі үнемі шаршап жүру. Ағзаға минерал жетіспейтіндіктен, ол оттегі тасымалдауға мүмкіндік беретін жеткілікті мөлшерде зат шығара алмайды. Салдарынан адам үнемі шаршап жүреді.

Сонымен қатар, әдетте әйелдерде, соның ішінде жүкті әйелдерде, вегетариандықтар мен вегетарианшыларда темір тапшылығы жиі кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін адамда темір тапшы екенін түріне қарап қалай білуге болатыны хабарланған болатын.

"Темір жетіспейтін адамдарда тері құрғақ, бозарып, еріні жарылғыш келеді. Темір деңгейінің айтарлықтай төмендеуі кезінде көздің асты көгеріп, адам артық салмақ қосып, арықтауы қиын болады. Шаштың сапасы да нашарлайды", - дейді эндокринолог Роман Терушкин.

Тағы да оқи отырыңыздар: Мойындағы без неге шошынады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә