Ақтауда бір үйір жылқымен қалада жүрген мал иесі жазаланды

Ақтауда бір үйір жылқымен қалада жүрген мал иесі жазаланды

Ақтауда бір үйір жылқымен қалада жүрген мал иесі жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында @112_aktau парақшасында Ақтау қаласы тас жолында бір үйір жылқы иелерімен автокөліктерге қасақана кедергі келтіру дерегіне жол берген құқық бұзушылық туралы бейнеролик жарияланған.

Ақтау қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі қызметкерлерімен құқық бұзушының жеке басы анықталды.

Нәтижесінде жалға беруші ипподром иесіне ҚР ӘҚБтК-тің 615-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина