Түркістан облысында ер адам мас күйде дүкенді тонап кеткен

Түркістан облысында ер адам мас күйде дүкенді тонап кеткен
Фото: pixabay.com

Түркістан облысында ер адам мас күйде дүкеннен 1,5 миллион теңгеге ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, түнгі сағат 03:00 шамасында белгісіз біреу оның дүкеніне кіріп, азық-түлік заттары мен кассада тұрған 1 миллионнан астам ақшасы мен құны 394 200 теңге болатын әртүрлі заттарын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 жарым миллионға жуық.

Тәртіп сақшылары хабарлама келіп түскен бойда оқиға орнына келіп, ұрлық қылмысын ашу мақсатындағы қажетті шараларды қабылдаған. Нәтижесінде жергілікті 30 жастағы жұмыссыз тұрғын бейнебақылау камерасы арқылы анықталды. Күдікті ер адам мас халде болған. Ол жол бойында орналасқан дүкеннің пластик есігін күшпен ашып, кірген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина