Бір жапырағы жеткілікті. Мамандар балалар мен жануарларды уландыратын бөлме өсімдіктерін атады

Бір жапырағы жеткілікті. Мамандар балалар мен жануарларды уландыратын бөлме өсімдіктерін атады
Фото: pixabay

Үйдің ауасы тазару үшін түрлі гүлдерді өсіретініміз жасырын емес. Үйде өсіретін жабықтұқымды өсімдіктер гүл дүкендерінде және супермаркеттерде егжей-тегжейлі нұсқаулармен еркін сатылады. Алайда бұл өсімдіктер улы деп еш жерде айтылмаған. Әдетте адамдар жабық өсімдіктерді таңдағанда сыртқы түріне және күтімінің қарапайымдылығына назар аударады. Ал бұл гүлдер улы болуы мүмкін бе? Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап анықтап көрді. 

Ересек адамдарға жабықтұқымды өсімдіктердің жапырақтарынан келетін қауіп жоқ. Алайда балалар мен үй жануарлары оның жапырағын аузына салса салдары сойқан болуы мүмкін. Себебі улы өсімдіктерге байланысты токсикологқа жүгінгендердің 80-85%-ы 4-5 жасқа дейінгі балалар. Олар абайсызда гүлдердің бөліктерін жалап, тістеп, жұтып қоюы мүмкін. Ең сорақысы бөлме өсімдіктерінің қатарында зиянды гүлдер бар.

"Көптеген үй иелері үй жануарларының қандай өсімдіктерді жеуге болатынын және олар үшін қауіпті екенін табиғи түрде білетініне сенімді болады. Алайда бәрі басқаша. Олар жапырақтардан бастап пиязға дейін жейді. Мұның ақыры өлімге әкелуі мүмкін. Улану мысықтар мен кішкентай иттерде тез жүреді. Олардың салмағы үшін көп нәрсе қажет емес, кішкентай жапырақтың өзі улануды тудыруы мүмкін ", - ветеринар Наталья Федосеева. 

Көптеген адамдар жақсы көретін Диффенбахия шырыны (барлығы 30 түрі бар) ауыз қуысының шырышты қабығын қатты күйдіреді және қорқынышты ауырсынуды тудырады.

"Жапырақтарда ине тәрізді кальций оксалатының кристалдары бар. Олар шайнағанда құрамынан бөлінеді. Жедел ауырсыну мен сілекей ағуы пайда болады. Кейін тіл, ерін және ауыз қуысының шырышты қабаты ісінеді", - дейді RMANPO токсикологтары.

Бұл жағжайда жәбірленуші сөйлей алмайды. Ісіну өте ауыр болуы мүмкін. Тыныс алу жолдарының бітелуіне және жұтылу қиындықтарына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, улы гүл асқазан-ішек аурулары үшін де қауіпті.

Эпипремнум, антуриум, спатифиллум, филодендрон и монстера сондай-ақ осындай әсер тудыратын кальций оксалатының кристалдарын қамтитын бөлме гүлдері зиян. 

Ашық қызыл гүлдері бар әдемі пуансеттия шырындарында форбол эфирі бар. Бұл токсин теріге тиіп кетсе, тітіркенуді тудыруы мүмкін. Ал сүт шырынын жұтып қойсаңыз, ауыз бен тамақтың шырышты қабығын тітіркендіреді, іштің қатты ауыруы, құсу пайда болады.

Жұмсақ қызғылт гүлдері бар сәнді олеандр үйлер мен пәтерлерде жиі қойылады. Дегенмен, бұл өте улы өсімдік, әрі ең қауіпті өсімдіктердің бірі. Оның улы шырыны, егер ішке қабылданса, улануды тудырады. Ал көп мөлшерде еніп кетсе өлімге әкелуі мүмкін.

Олеандр шырыны көзіңізге түссе, көру қабілетінің жоғалу қаупі бар. Сонымен қатар, өсімдік құрамында жүрек гликозидтері - жүректің стимуляторлары бар. Сондықтан жеген олеандр жүрек ішілік өткізгіштігінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Ал жануарлар жеген кішкентай жапырақтың өзі жүректің тоқтап қалуына әкеледі.

"Біз жақсы көретін жарқын сәндік бұрыштар үй жануарларын қызықтырады. Дегенмен, бұл өсімдіктің шырынында улануды тудыратын улы алкалоидтар бар. Гедера (шырмауық деп атайды) ішке түскен кезде жануарлардың жүйке жүйесінің жұмысын бұзады. Ал фикус бүйрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін", - дейді мал дәрігері Наталья Федосеева. 

Токсикологтар ескертеді: апатты болдырмау үшін өсімдіктерді кішкентай балалар мен үй жануарларының қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Үйде балалар мен үй жануарлары болса, улы шөптерді мүлдем алмаған дұрыс.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Зинешов