Үш облыста ауа райына байланысты тасжол жабылды

Үш облыста ауа райына байланысты тасжол жабылды
Фото: Tengrinews.kz

Үш облыста республикалық маңызы бар тасжолдың үш учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ 3 ақпанда ауа райының нашарлауына байланысты үш облыстағы тасжолдың үш учаскесінде көліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу енгізілгенін хабарлады.

  • Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 159-дан 238 шақырымға дейінгі учаскесі, Кенен-Қайнар учаскесі (Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады).
  • Қостанай облысында тас жолдың 252-ден 335 шақырымға дейінгі учаскесі, Ұлытау өңірімен шектесетін учаскесі - Арқалық қаласы.
  • Ұлытау ауданында, Жезқазған-Петропавл тас жолының учаскесі, Ұлытау ауылы Қостанай облысының шекарасы.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 375 бірлік техника мен 536 адам жұмыс істеп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек