Абай облысында халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ер адам ұсталды

Абай облысында халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Көкпекті ауданының полиция қызметкерлері Түркіменстан Республикасының 28 жастағы ер адамды рейдтік іс-шараларды өткізу барысында анықтады. Тексеру кезеңінде ер адам өзімен бірге ешқандай құжаттары болмаған, осыған байланысты ол полиция қызметкерлерімен аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Қырағы тәртіп сақшысы іздеу тақтасына орналаcтырылған шетелдік адамды таныды.

Ер адамды сот үкімін орындамағаны үшін көрші аймақтың құқық қорғау органдары халықаралық іздеуде деп жариялаған. Ол қылмыстық қудалаудан 2 жыл бойы жасырынған.

Полиция шетелдікті ШҚО әріптестеріне тапсырды, олар жақын арада оны экстрадициялау туралы мәселені шешетін болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!