UFC басшысы футболдан Қазақстан құрамасын сынаған Қуат Хамитовты қолдады

Қазақстандық ММА боксшысы Қуат Хамитовтың UFC басшысы Дана Уайтпен ойлары бір жерден шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін атышулы қазақ спортшысы футбол туралы бірнеше рет теріс пікір айтқан еді. Ал бір күн бұрын әлеуметтік желіде Дана Уайттың футболшыларды сынаған бейнежазбасымен бөлісті.

"Мен футболға шыдай алмаймын. Менің ойымша, бұл ең қарапайым спорт түрі. Тіпті үш жасар балалар да футбол ойнай алады. Жүгіре алады, қақпаға допта соғады. Маған "Егер Бразилияда болсаңыз, бұлай айтпас едіңіз" дейді. Мен мұны кез келген елде айтар едім. Сізге қақпасы соншалықты үлкен және есеп 3:1 болатын ойын ойнау қызық емес", - деді Уайт.

Осы жазбадан кейін: "Тіпті Дана менімен келіседі", - деп қолдады Хамитов.

Айта кетейік, Магомед Адиев алты мәрте жеңіске жетті, бірақ топта төртінші орын алып, Еуро-2024 турниріне тікелей жолдама ала алмады. Хамитов өлшеусіз шығын мен нәтиже жоқ деп, команданы сынға алды. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі арқылы Еуро-2024 іріктеу кезеңінен өтуге әлі екінші мүмкіндігі бар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!