Павлодарда кәсіпорын жарты миллиард сомаға салық төлеуден жалтармақ болды

Павлодарда кәсіпорын жарты миллиард сомаға салық төлеуден жалтармақ болды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысының прокуратурасы жарты миллиард теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтару дерегін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жіксіз болат құбырларын өндіруші KSP Steel ЖШС ПФ төмен ставка бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем жасады.

ЖШС қауіпті қалдықтардың тоннасы үшін 1 АЕК орнына 0,038 АЕК мөлшерлемесін қолданған, бұл арқылы 113 мың тонна қожды орналастырғаны үшін 567,2 миллион орнына 9,7 миллион ғана төленді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кірістер органдары кәсіпорынға 557,5 миллион қосымша есептеді, онымен ЖШС келіспеді және фискалдық органның актісіне соттарға шағымданды.

2024 жылғы 30 қаңтарда Жоғарғы Сот облыс прокуратурасының кассациялық өтінішхатын қанағаттандырып, жоғарыда көрсетілген сомаларды бюджетке өтеу туралы шешімді күшінде қалдырды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек