Қарағандыда екі ер адам үйді жалға алып, есірткі зертханасын ашып алған

Қарағандыда екі ер адам үйді жалға алып, есірткі зертханасын ашып алған
Фото: ҰҚК

Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қарағандыда жалға алынған жеке үйдегі синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл 24-25 қаңтарда жедел қызметкерлер Қазақстан аумағында сату мақсатында есірткіні заңсыз дайындауға күдікті екі ер адамды ұстады.

Тінту барысында 7,5 мың бір реттік дозаға эквивалентті 1,5 келі астам психотроптық заттар, сондай-ақ, оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды.

Зертхана жақын арада құрылған, ал ҰҚКД өткізген операция күдікті адамдардың есірткінің ауқымды өндірісін және сатылымын ашу әрекетінің алдын алды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

 ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек