Көкшетауда 10 жастағы бала сүндетке отырғызғаннан кейін қайтыс болды

Көкшетауда 10 жастағы бала сүндетке отырғызғаннан кейін қайтыс болды
Фото: elements.envato.com

Көкшетауда 10 жастағы бала сүндеттелгеннен кейін қайтыс болды. Оқиға Ақмола облыстық көпсалалы балалар ауруханасында тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Операциядан кейін жасөспірім үйіне жіберілген. Алайда баланың денсаулығы нашарлап, екі күннен кейін қайта дәрігерге көрінген.

Алдын ала болжам бойынша, оның өліміне анафилактикалық шок себеп болуы мүмкін.

Осы облыстық көпсалалы балалар ауруханасында екі күн ішінде үш бала қайтыс болды. Олар түрлі сырқатпен диспансерлік есепте тұрған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан