Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдың бәрі ашық тұр

Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдың бәріндегі шектеу алынып тасталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметі хабарлады.

"Барлық бағыт бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда шектеулер алынды", - делінген хабарламада.

2 ақпанда күндіз қолайсыз ауа райы мен бұрқасынның салдарынан еліміздің үш облысында республикалық маңызы бар төрт жол жабылған еді.

Айта кетейік, жол қызметкерлері қыс басталғалы 650 автокөлікті қар құрсауынан шығарып, 800-ге жуық адамды эвакуациялаған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!