"Ақиқатыңды айт". Дина Төлепберген Бейбіт Қорғанды ашық сұхбатқа шақырды

"Ақиқатыңды айт". Дина Төлепберген Бейбіт Қорғанды ашық сұхбатқа шақырды
Фото: instagram.com/beibitkorgan

Журналист, "Астарлы ақиқат" бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепберген әнші Бейбіт Қорғанды ашық сұхбатқа шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Осыдан 13 жыл бұрын әншінің еркелігін еске түсіріп, сұхбаттасқан едім. Сол сәтте Бейбіт "жаза баспаймын" деп, ант-су ішкен еді. Бейбіт Қорғанға айтарым: бізден қорғанып, қашқақтаудың қажеті жоқ. Менімен ашық сұхбатқа кел, ақиқатыңды айт. Бізге басқалардың емес, баланың болашағы маңызды", - деді Дина Төлепберген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DINA TOLEPBERGEN (@dina_tolepbergen)

Айта кетейік, атыраулық әйел Нұргүл Зиханова Бейбіт Қорғаннан бала туғанын айтқан соң әнші ДНҚ сынамасын тапсырған.

Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Дина Төлепберген айтты.

"Астарлы ақиқатты" жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ алу үшін ақыры оны сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Құдды бір отадан шыққан Майкл Джексондай, "Маска" шоуы маңырап қалады. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірдеңе айтар ма деп едік, ләм-мимсіз ұзатылып жатқандай артына қайырылмай кетті. Бізден қашса да, ақыры Атырауда заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды", - деді ол.

Дина Төлепбергеннің сөзінше, нәтижесін сот бір айдан кейін жария етуге тиіс.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан