Әйелімен ұрысып қалған шетел азаматы оны Ресейге ұшып кетпесін деп, полицияға жалған хабар берген

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген шетел азаматына 2,5 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаменті 2023 жылдың күзінде көліктегі полиция департаменті қызметкерлері 36 жастағы шетелдік азамат Астана – Санкт-Петербург бағытындағы әуе рейсінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлағаны үшін ұстаған.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Тергеу барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген.

Ол отбасылық жанжалдан кейін жұбайы Санкт-Петербургке ұшып кетпекші болғандықтан, осындай ойланбаған қадамға барғанын түсіндірді.

"Қаңтар айының соңында Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 750 АЕК, яғни, 2 587 700 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды", - деді департамент бастығы Бақытжан Малыбаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!