Артық салмақтан арылу үшін күніне қанша шыныаяқ кофе ішу керек?

Артық салмақтан арылу үшін күніне қанша шыныаяқ кофе ішу керек?
Фото: pixabay

Кофе - адамдарға екі ұдайы әсер ететін сусындардың бірі. Оның зияны туралы да, пайдасы туралы да сан түрлі ақпарат бар. Алайда кофе салмақ жоғалтуға мүлдем кері әсерін тигізбейді. Тіпті керісінше артық салмақтан арылу үшін көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап. 

Артық салмақтан арылудың кілті - қалыпты калория тапшылығы және жаттығу жасау. Сонымен қатар, егер сіз кофені көп кілегей мен тәтті шәрбатпен ішуге дағдыланған болсаңыз және оны күнделікті калорияларыңызда есептемесеңіз, сусынға деген сүйіспеншілігіңіз бұл артық фунттан арылуыңызға кедергі болуы мүмкін.

Гарвард университетінің ғалымдары анықтағандай, күніне 4 кесе кофе ішу дене майын 4%-ға азайтуға көмектеседі. Зерттеу 24 апталық кезеңде жүргізілді, оның барысында артық салмағы бар 126 ересек адам төрт кесе плацебо тәрізді кофе немесе төрт кесе қарапайым кофе ішкен. Сергітетін сусын қарапайым болса да, нәтижеге жетуге көмектесетіні белгілі болды.

Диетологтар Тэмми мен Лисси Лакатостың айтуынша, кофе іштегі майды кетіру үшін сізге күніне 200-400 миллиграмм кофеин қажет. Бұл шамамен 2-5 кесе.

  • Кофе салмақ жоғалтуға қалай көмектеседі?

Біріншіден, ол тәбетті жақсы басады және метаболизмді тездетеді. Екіншіден, бұл сусынның құрамында майды жағу процесін тездететін және көмірсулардың сіңуін бәсеңдететін хлороген қышқылы бар.

Сонымен қатар, қоспалары жоқ қара кофеде аз мөлшерде калория бар, сондықтан ол лимонадқа немесе энергетикалық сусындарға қарағанда жақсырақ және пайдалырақ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов