QJ League – қазақ футболының жаңа демі

Жасөспірімдер футболында тікелей трансляциялар, жеке онлайн ойын және стадиондар жанкүйерлерге толып жаңа трендтер қалыптастыруда. 

2023 жыл Қазақстан футбол тарихындағы ең жарқын кезеңдердің бірі болып қалмақ. Біздің ұлттық құрама Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алуға бір қадам жақын еді. Деседе бұл турнирге жолдама алу мүмкіндігін әлі де сақтап қалды. Наурыз айында Қазақстан құрамасы дүбірлі додаға қатысу құқығы үшін плей-офф кезеңін өткізуі керек.

Соңғы жылдары футбол тек спорттық жетістіктер, мақсаттар, ауысымдар мен трансферлер туралы ғана емес: ойын әлемдік ойын-сауық индустриясының бір бөлігіне айналды. Футбол клубтары қазіргі таңда кинотеатрлар, саябақтар және сауда орталықтарымен бәсекелесіп, көрермендердің назарын аудару үшін күрес жүргізуде.

Қазақстандағы спорт саласының деңгейі, өкінішке орай, әлі күнге дейін батыстық үлгілерден артта қалуда, бірақ өткен жыл ішінде оң өзгерістер де байқалуда. Ең жарқын мысалдардың бірі - Freedom QJ League жасөспірімдер футбол лигасының ашылуы. Бұл 18 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы чемпионат болғанына қарамастан, БАҚ пен маркетинг компоненттеріне бөлген жұмыстары керемет деңгейде өтті десек артық айтқанымыз емес.

Лига сәуір айында бастау алып, «Астана Аренада» 18 000-ға жуық көрерменді жинады. Жанкүйерлер тек футбол үшін келген жоқ: танымал әртістердің шақыруымен олар үшін нағыз шоу ұйымдастырылып, түрлі белсенділік алаңдары мен жүлделі ұтыс ойындары өткізілді.

Жарқын басталған Freedom QJ League мұнымен тоқтамады. Маусым ілгерілеген сайын осыған ұқсас тағы бірнеше матч өтті, бірақ бұл жолы аймақтарда. Тараз қаласының Орталық стадионда өткен ойында ине шаншар орын болмады. Осылайша жиырма жылдық рекорд толығымен жаңарды. 12 мың көрермен тек жастар матчтына ғана емес, сондай-ақ кәсіпқой командалардың ойындарында сирек кездесетін дүние еді.

«Өткен жылы Лига тек алғашқы қадамдарын жасады. Біз үшін өзімізді жариялау, Қазақстанда тіпті жасөспірімдер футболы да қызықты болуы мүмкін екенін көрсету маңызды болды. 2023 жылы біз көптеген іс-шаралар өткіздік, жас футболшылар үшін кибертурнир ұйымдастырдық, өзіміздің фэнтези лигамызды құрдық, бірақ мұнымен біз тоқтамаймыз. Жаңа маусымға қойған жоспарларымыз жетерлік», - дейді Антон Лысяк, Freedom QJ League медиа және маркетинг бөлімінің жетекшісі.

Өткен жылы Freedom QJ League жарысына еліміздің 10 аймағынан 12 жасөспірімдер клубы қатысты. Freedom Holding Corp. қаржыландыратын Лиганың командаларға барлық логистикалық шығындарды төлеуі, сонымен қатар интернетте және отандық спорттық телеарналарда матчтарды өз бетінше түсіріп, трансляциялауы өте маңызды.

QJ League жаңа маусымына 32 команда қатысып, өзара жеңімпазды анықтамақ. Осылайша Лига бүкіл Қазақстанды қамтиды.

Жарнама материал