Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатыны айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Демалыс күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдай орталығы Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклонға байланысты болады. Елдің басым бөлігінде бұлт басып, әр түрлі фазаларда жауын-шашын жауады, екпінді жел соғады, көктайғақ болады.

Тек оңтүстік өңірлер әлі де антициклонның қорғауында, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады. Атлант циклоны республиканың барлық дерлік аумағында температураның біртіндеп көтерілуіне себепші болады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина