"Төңкеріліп кетсін, Аллаху акбар!" Желіде такси жүргізушісін қарғаған ер адамның видеосы тарады

Әлеуметтік желіде ер адам мен такси жүргізушісі сөзге келіспей қалған тағы бір видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тарап жатқан видеода ер адам көлік жүргізушісіне қарап, "Төңкеріліп кетсін. Аллаху акбар!" - дейді.

Қоғам белсендісі Сәуле Бикитееваның сөзінше, оқиға Алматы облысы Талғар қаласында болған.

"Бұл видеоға дейін жүргізуші баратын жеріне дейін апармаймын деп, сөзге келіп қалады. Қандай жағдай болғанда, сабырлық болу керек. Сосын қарғауға болмайды, қайтып өзіңе келеді, ол жүз пайыз", - деп жазды ол.
 

Алайда оқиғаның толық мән-жайы беймәлім. Осы жайтқа қатысты Алматы облысы әкімдігі өкілдері де пікір білдірді.

"Кейбір дереккөздер жанжалға қатысушылардың бірін, яғни жолаушыны Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы деп көрсеткен. Алайда Алматы облысының Дін істері басқармасы видеодағы жолаушы имам емес екенін және облыс аумағында діни қызметпен айналыспайтынын хабарлайды", - деп жазылған әкімдік жауабында.

Әкімдік мәліметінше, видеодағы адам - Талғар ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

Еске салайық, бұған дейін такси жүргізушісіне жала жапқан қостанайлық әйелдің видеосы тарап кетті. Кейін әйел осы үшін жазаланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!