Тасжолда қалған 197 қазақстандық құтқарылды

Тасжолда қалған 197 қазақстандық құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты көптеген азамат республика жолдарында "қарлы тұтқында" қалды.


Фото: ТЖМ

Түркістан облысының құтқарушылары жүргізілген жұмыстар барысында 156 адамды, оның ішінде 17 баланы құтқарды, сондай-ақ жеңіл автомобильдер мен жүк көліктерін шығаруға көмек көрсетті.

Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелері Жуалы және Сарысу аудандарындағы автожолдардың жабық учаскелерінде автомобильдерден 41 адамды құтқарды, жолдың тазартылған учаскесіне 5 автомобиль сүйрелді.


Фото: ТЖМ

ТЖМ қолайсыз ауа-райы жағдайында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігін еске салады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!