Оралда балабақшада балаларға шкаф құлап кетті: зардап шеккендер бар

Оралда балабақшада балаларға шкаф құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Орал қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде бүлдіршіндер мен тәрбиешінің үстіне шкаф құлаған. Тәрбиешісімен бірге төрт бала жарақат алып, жедел жәрдем көмегіне жүгінген.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаны растады. Сол бойда төрт бала облыстық көпбейінді балалар ауруханаға жеткізілген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша жедел жәрдем қызметіне 11.30 -да сәбилердің жарақат алғаны туралы хабар түскен. Төрт бала балалар ауруханасына, тәрбиеші әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген.

Дәл қазір иық, қол, кеуде түрлі дене жарақатын алған сәбилер толық тексерліп, амбулаториялық ем тағайындалып, ұсынбамен үйлеріне жіберілген. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!