"Абай болыңыздар, алаяқтар". Ескерту жазылған SMS қазақстандықтарды күлдірді

"Абай болыңыздар, алаяқтар". Ескерту жазылған SMS қазақстандықтарды күлдірді
Фото: elements.envato.com

Астана полиция департаментінің SMS-хабарламасы қазақстандықтарды күлдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үтірге байланысты хабарлама алаяқтарға үндеу тәрізді болып қалған. Сондай-ақ, қолданушыларды "Алаяқтар" сөзінің бас әріппен жазылғаны таңғалдырған.

Астана полициясы бұл хабарламаны түсіндірді. Олар Полиция департаменті атынан Астана тұрғындарына жіберілген SMS-хабарламада техникалық қате жіберілгенін мойындады.

"Қазіргі уақытта ол жойылды, ертең ұялы байланыс операторы қосымша хабарлама таратады. Бұл профилактикалық хабарлама және зиян сілтемелер арқылы алаяқтардың қауіпті айлалары туралы ескертеді", - деп түсіндірді елордалық полицияның баспасөз қызметі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина