Оралдағы балабақшаның бірінде тәрбиеші мен 4 баланың үстіне шкаф құлап кеткен

Оралдағы балабақшаның бірінде тәрбиеші мен 4 баланың үстіне шкаф құлап кеткен
Фото: Uralskweek.kz

1 ақпанда сағат 12:00-де Облыстық балалар және қалалық көпсалалы аурухананың жарақат пунктіне жұмсақ тіндері мен аяқ-қолдары көгерген 2018 жылы туған балалар мен олардың тәрбиешісі түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Uralskweek.kz-ке" сілтеме жасап.

Дәрігерлер зардап шеккендердің денсаулық жағдайын бірқалыпты деп бағалады. Қазіргі уақытта олар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді.

Куәгерлердің айтуынша, Солтүстік-Шығыс шағын ауданындағы "Сәби" балабақшасында 1ақпанда таңертең үлкен топтың балаларының үстіне шкаф құлаған. Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің сөзінше, комиссия жиналысына дайындық кезінде шкаф жылжытылып, нық бекітілмеген. Сабақ уақытында шкаф балалардың үстіне құлаған, ал мұғалім балаларды құтқарамын деп, өзі де зардап шеккен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, "Сәби" балабақшасында жарақат алған балалар туралы хабарлама 1 ақпанда сағат 11:30-да түскен. Жедел жәрдем бригадасы 11:38-де балабақшаға келген.

Облыстық балалар көпсалалы ауруханасының дәрігерлері зардап шеккен барлық балаға әртүрлі диагноз қойған, бірінің кеуде-бел аймағының жұмсақ тіндері көгерсе, басқасында қолдар, білектері зардап шеккен. 1976 жылы туған әйел тәрбиешінің аяғының төменгі бөлігіндегі жұмсақ тіндері көгеріп, қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Оған амбулаториялық бақылау тағайындалды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 7,5 м, ал бүйір қабырғасы 2 м. Үшбұрыштың табанын табыңдар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә