Алматыдан Шымкентке жолға шыққан үш такси жүргізушісі қалың қарға батып қалды

Алматыдан Шымкентке жолға шыққан үш такси жүргізушісі қалың қарға батып қалды
Фото: видеодан алынған кадр

Екпіні күшті жел мен боранның салдарынан Жаңатас қаласынан барлық бағытқа жол жабылды. Төрт блок-бекет қойылып, Сарысу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция күштерімен жолда батып қалған он автокөлік қар құрсауынан шығарылып, 28 адамға көмек көрсетілді.

"Үш такси жүргізушісі Алматыдан Шымкентке Жуалы ауданы арқылы жол жабық болған соң Қаратау-Жаңатас тас жолы арқылы өтпек болып, Жаңатас қаласынан 35 шақырымдай аумақта қалың қарға батып қалған. Көліктер шығарылып, 16 адамы қауіпсіз жерге көшірілді", - делінген хабарламада.

Сарысу ауданы полиция бөлімінің бастығы Болат Айтжанов жағдай жақсарғанға дейін алыс жолға шықпауды ескертті. Қазіргі уақытта жолдарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан