Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамның ұсталған сәті түсірілген видео тарады

Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамның ұсталған сәті түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрғаны үшін ұсталған Нұрболат Дәкебаев Қарағандыдағы полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам Қарқаралы ауданының қыстақтарының бірінде, облыс орталығынан 200 шақырым жерде ұсталды.

Полиция тергеу барысы бақылауда екенін хабарлады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!