Абай облысында ер адам түрмедегі досына тыйым салынған зат өткізудің "ерекше" әдісін тапқан

Абай облысында ер адам сотталған досына тыйым салынған заттар беріп жібермек болған. Осылайша ол "ерекше" әдіс ойлап тауыпты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

44 жастағы Семей қаласының тұрғыны сотталған досына аз уақытқа кездесуге келген. Тексеру тобы қызметкерлері ер адам әкелген азық-түлік өнімдерін тексеру барысында торттың ішінен телефон, нанның ішінен қуаттағыш құрылғы мен құлаққап тапқан. 

"Қазір бұл дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жиналды", - деп түсіндірді тексеру тобының аға жедел уәкілі Кенжебек Нұрсейітов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз