"Қазақтың менталитетіне келмейді". Актер Олжас Әлжанмен эксклюзив сұхбат

"Қазақтың менталитетіне келмейді". Актер Олжас Әлжанмен эксклюзив сұхбат
Фото: Болат Айтмолда

Танымал актер Олжас Әлжан Massaget.kz тілшісіне арнайы сұхбат беріп, өзінің ешкімге айтпаған құпиясын бөлісті.

Жаңа форматта жұртшылыққа жол тартқан фильмде актер Олжас Әлжан "Джинн" рөлін сомдайды. Бұл образды сомдау актерға басында қиындық тудырғанын жеткізді.

"Кастинг арқылы өттім. Жабық кастинг болды. Менің персонажымда 4-5 адам болса, соның біреуін ойнап көріп, Қазақфильмде видеокастинг жасады. Ары қарай бекітіп, шақырту алдық. Мұндай образда түсу қиын болды. Бірден келісудің өзі, қазақтың менталитетіне келмейді. Егер творчестволық кино ретінде қарайтын болсақ, күшті шыққан. Бұл образды жұмыс ретінде, образ ретінде қарадым. Фантастикалық болғаннан кейін жеңіл қарадық. Шынайы өмірде Джиннді қанша сүртсең де, сүртпесең де таба алмайсың ғой", - дейді актер.

© instagram.com/alzhanov.official

"Мен соңғы уақытта, кино халыққа жол тартқаннан кейін, пікірлерді оқып шықтым. Көбі Олжас Әлжанның келесі образы қандай болады екен – деп пікір қалдырыпты. Осы кезге дейін әртүрлі образдарды беріп жатыр. Батыр болсын, Джигланы ойнадым. Оған дейін де басқа рөлдерді сомдап келе жатырмын. Бұл кинода да басқа образ Джинн. Актерлік жағынан түрлі образды беріп жатқанына қуаныштымын. Мен үшін эксперимент болды", - дейді Олжас Әлжан.

"Мен өзім супергеройларды ойнағым келеді. Бала кезден арманым да сол. Мені шетелдік персонаж Халкқа ұқсатады, соның образын ойнап шықсам ба – деген армандар да бар. Енді ондай болашақта бола жатыр"

300-500 мың аралығы

"Өзімнің тұрақты ставкам бар. Енді біз гонарарды әр сменаға аламыз ғой. Сегіз смена болса, сол күндегіге байланысты аламын. Біздің гонарарар сәл қарапайым. Шамамен гонарарым 300-500 мың аралығында".

 Дұға жасадым

"Сериалдарда басты рөл, қосалқы образдар бар. Бірақ та толықмертлі киноларды басты рөлді сомдамағанмын. Үйге барып, ойланып тіпті тіледім. Өтініш толықметрлі киноға басты рөлді беріңізші – деп дұға жасадым. Одан кейін қазір толықметрлі кино бар, бірақ сериал жоқ болып қалды".

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы