Ақтөбе облысында мал іздеуге шыққан екі адам жоғалып кеткен

Фото: ТЖМ

Ақтөбелік құтқарушылар жоғалған 2 адамды тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 қаңтарда сағат 00:21-де Кеңқияқ ауылының 2 тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Олар 30 қаңтарда сағат 10:00-де мал іздеуге шығып, көлікпен қар құрсауында қалып қойған.

Құтқарушылар жоғалған адамдарды 31 қаңтар тапты. Медициналық көмек қажет болмаған.

"Жолға шыққан кезде жүргізушілер көліктің жай-күйін мұқият тексеріп, жолдардың ашық-жабық екені туралы ақпаратты қадағалап отыруға тиіс. Ауа райына байланысты ескертулер кезінде, әсіресе, түнде және ауа райы қолайсыз болған кезде кішкентай балалармен елді мекендерден тыс жерлерге барудан аулақ болу керек", - деп ескертті құтқарушылар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова