Оралдағы ауыл маңындағы үйге жылан кіріп кеткен

Instagram-дағы zhaloby_uralsk_official парақшасында Орал маңындағы ауыл тұрғыны үйіне жылан кіріп кеткенін айтты. Автордың сөзінше, жылан жекеменшік үйге кіріп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"МГ" тілшісі БҚО ветеринария басқармасына хабарласқан. Ведомство өкілдері бұл жайлы қоңырау түспегенін айтқан. 

Құтқару қызметіндегілердің сөзінше де үйге жылан кіріп кеткені жайлы қоңырау түспеген. Ал егер мұндй жағдай қайталанса 112 нөміріне хабарласуға болады. Диспетчер қоңырауды қабылдап, құтқарушыларды жібереді. Телефон арқылы психологиялық көмек алуға да болады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз