"Астанаға шақырып, арнайы қабылдады". Нұрғали Нүсіпжанов Мәжіліс төрағасымен жүздесті

"Астанаға шақырып, арнайы қабылдады". Нұрғали Нүсіпжанов Мәжіліс төрағасымен жүздесті
Фото: instagram.com/nurgali_nusipzhanov_official

Қазақстанның халық әртісі, әнші Нұрғали Нүсіпжанов сахнада жүргеніне 70 толған мерей тойына орай Астанаға арнайы шақырылып, ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Аманат партиясының басшысы Ерлан Қошановпен жүздескен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші бұл туралы Желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарына ой салды. 

"Қонысы құтты, іргесі мықты қазақтың тар жол, тайғақ кешкен тағдырында мың өліп, мың тірілген тарихы бар. Аттың жалы, түйенің қомында жүрсе де ата-бабаларымыз: Кеудеден жанымды алсаң да, жүректен иманымды алма, - деген дала даналарының асыл тұяғы емес пе, шіркін…Дәуірлер алмасқанмен, дәстүр жалғасады екен.
Ұранды елдің ұрпағы үшін: Ұлттық мүдде, ұлттық намыстан биік мақсат-мұрат болуы мүмкін бе, сірә.
Қилы-қилы заман кешіп, қия-қия белден асқан АЛАШ ардақтыларына Алла разы болсын, ләйім. Алатаудай АЛАШТЫҢ, қаратаудай баласы екеніміз рас болса: Бабалар аманатына адал болу қай қазақтың да қасиетті борышы, қастер тұтар парызы болса,қанекей.
Сахнадағы 70-жылдық мерей тойыма байланысты Астанаға шақырып, арнайы қабылдаған ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Аманат партиясының басшысы Ерлан Қошановпен жүздесуден кейінгі ой-түйін", - деп жазған Халық әртісі.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрғали Нүсіпжанов 87 жасқа толғаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Массасы 150 г мырыш мыс хлоридімен (CuCl2) әрекеттескенде неше грамм мыс алынады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә