Шымкентте бұрын ақталған экс-шенеунік кінәлі деп танылды

Шымкентте бұрын ақталған экс-шенеунік кінәлі деп танылды
Фото: otyrar.kz

Шымкент сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қала бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевты лауазымдық өкілеттерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қоқанбаевқа 3,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Бұл туралы Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Айта кетейік, мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыты бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға жәрдемдескені үшін ЖШС өкілінен 13 миллион теңге алу кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұстаған Қоқанбаевты бірінші сатыдағы сот ақтаған болатын", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан