"Бірге болған 7 жылымның әрбір сәтіне шексіз ризамын": Димаш Құдайберген жантебірентер жазба жариялады

"Бірге болған 7 жылымның әрбір сәтіне шексіз ризамын": Димаш Құдайберген жантебірентер жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден

Әлемге қазақ атын танытып жүрген әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, биыл Димаштың өнер көрсетіп келе жатқанына 7 жыл болған.

"Құрметті достар, сүйікті Dears! Бүгін мен үшін өте маңызды күн. Себебі біз жетінші мерейтойымызды атап өткелі жатырмыз! Өздеріңіз білесіздер, 7 саны - қазақ халқы үшін қасиетті сан. Сондықтан мен сіздермен бірге болған 7 жылымның әрбір сәтіне шексіз ризамын. Мен өзімнің шығармашылығымды сіздермен бөлісіп, паш ете алатынымды және сіздермен бірге керемет естеліктер жасағанымды мақтан тұтамын. Қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Әрқашан бақытты болыңыздар!" - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Димаштың бұл жазбасына тек қазақстандықтар емес, түрлі мемлекеттен жанкүйерлері жазып, жылы лебізін білдіріп жатыр. 

"Рақмет, Димашжан! Dears болғаныма мақтанамын! Өмірімнің бір бөлшегімсің! Күнде амандық тілеп отырамын!", "Димаш, біз де сенімен мақтан етеміз, 7 жыл ерен еңбек, осылай 7 есе бола берсін жетістіктерің. Сенімен болған, сенің шығармашылық еңбектеріңді тыңдап келе жатқанымызға сол 7 жылдан асты және бұл уақытта тек жақсы сезім берді", "Біз де өте қуаныштымыз!", - дейді олар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова