"Жер сілкінісі жалғаса ма?" Белгілі нумеролог 2024 жылға арналған болжамын айтты

"Жер сілкінісі жалғаса ма?" Белгілі нумеролог 2024 жылға арналған болжамын айтты

Нумеролог Құралай Бақыт 2024 жылы ел халқы неден сақтануы керегін айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Үкімет ауа райына жиі көңіл бөлуге тиіс. Әсіресе, егер күн ылғалды болса бірден тізгіндеу қажет. Еліміздің оңтүстік аймақтары мен Алматы қаласы назарда болған жөн. Қазіргі таңда кәсіби техникамен жұмыс істейтін мамандар аз, жеткіліксіз деуге болады. Сондықтан елге физика-химия бағытын жақсы меңгерген мамандар мен сарапшылардың көмегі керек. Онымен қоса, биыл - жер тыныс алатын жыл. Жыл саны - 8, яғни гравитация жылы. Көрші мемлекеттерінде наурыз айында жер сілкінісі болуы мүмкін. Жалпы, биыл әлемде жер сілкінісі жиі болмақ. Дүмпулер кезеңі қаңтар, ақпан, маусым, шілде және тамыз айлар аралығында болуы мүмкін", - дейді ол. 

Нумеролог әуе апаттары болуы мүмкін екенін айтады.

"Әлемде әуе апаттары гравитация күндері болуы мүмкін. Ол дегеніміз - ақпан, тамыз, қыркүйек, қазан айлары. Бүгін көп қозғалатын күн. Бұл күндері халық көбіне көлікпен қозғалады", - деді Құралай Бақыт.

Ол "2024 жылы тұрмысқа шығуға болмайды" деген ақпаратты жоққа шығарды. 

"Ол жалған түсінік. Әр жылдың берері бар. Ал жалпы халықты алар болсақ, биыл адамдар көбіне кәсіпке көңіл бөлетін жыл, яғни көпшілік кәсіпкерлікке ұмтылады", - дейді Құралай Бақыт. 

Жасұлан Ордабаев

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz