Алматыда 2 балл жер сілкінісі болды

Алматыда 2 балл жер сілкінісі болды
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда 2 балл жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен өткен тәулікте 2024 жылғы 30 қаңтарда Қытай аумағында 6 жер сілкінісі тіркелді, оның біреуі Қазақстан аумағында 04:27-де сезілген. Оның эпиорталығы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.

Жағдай тұрақты.

ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина