Өскеменде 6-сынып оқушылары селфиге бола биік ғимаратқа шығып алған

 Өскеменде биік ғимараттың шатырына шығып суретке түскен оқушы қыздар ұсталды. Енді полиция қызметкерлері олардың ата-анасын әкімшілік жауапқа тартпақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқушылар демалыс күндері селфи жасамақ болып биік ғимараттың шатырына шыққан. Олардың көпқабатты үйдің төбесінде жүргенін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Осы арқылы полиция қыздардың жеке басын анықтапты. Суретке түсу үшін басын қатерге тіккендер 6-сыныпта оқиды екен. Енді кәмелетке толмаған үш оқушының ата-анасы заң алдында жауап береді.

"Ата-аналарына кәмлетке толмаған баласына жауапты және дұрыс тәрбие беріп, не істеп жатқанын бақылауға міндетті екенін ескертті. Өйткені бұл кезде жасөспірімдердің өздерне де қауіпті болуы мүмкін. Немесе басқаларға "үлгі" болуы ғажап емес. Олардың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметкері Татьяна Карпова. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!